Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұңғыш Президент күнінде отшашу бола ма?

30.11.2020, 18:30 523

HALYQLINE.KZ

Биылғы жазда Елорданың туған күніне орай ұйымдастырылған отшашу жергілікті тұрғындардың наразылығына ұшырап, әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырған болатын. Бүкіләлемдік пандемия уақытында ұйымдастырылған отшашу халық аузынан әлі де түсе қойған жоқ. «Халықтың көңіл күйін көтеруге» арналған отшашулар легі «тұңғыш Президент күнінде өз жалғасын табады ма?» деген сұрақ көптің көкейінде жүргені белгілі. Сан сананы жаулаған сауалға Нұр-Сұлтан қаласының баспасөз хатшысы жауап берді.

«1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай елорда аумағында отшашу жоспарланып отырған жоқ»,- деді Ақмарал Олжабаева.

Сонымен қатар, 1 желтоқсан күні бас қаладағы қоғамдық көлік қалыпты режимде жұмыс істейтін болады.

Сауда, ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері де жұмысын жалғастырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: