Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түркістандағы стадионға кімнің есімі беріледі?

16.05.2020, 11:00 626

HALYQLINE.KZ  Әлемнің көптеген стадионын көрген адам ретінде ұсыныс тастауға құқым бар деп есептедім.

Гуглды ашып жай ғана әлемдегі стадиондардың атауларын қарап шығыңыздар. Марио Фильо атындағы «Маракана» стадионы деген секілді жазбаларды көресіздер. Мен сол стадионда болған кезде Фильо мырзаның ескерткішін де көрдім. Ол – журналист болған адам. Бразилия футболының дамуына зор үлес қосқан адам екен. Футбол туралы мақала жазған, проблемаларды көтерген, ауылдардағы футбол жағдайын ойлаған тұлға.

Қызылордада Ғани Мұратбаев атындағы стадион бар екенін де білесіздер. Қазақ мемлекетінің тарихында орны бар тұлға. Оралда Петр Атоян атындағы стадион туралы олай айта алмаймыз. Атоян деген кім? Оның атын Оралдан шыққан даңқты тұлғаның біріне ауыстырса ешкім қарсы болмайтын шығар. Сосын Түркістан қаласында салынып жатқан су жаңа стадионға мен «Мұстафа Шоқай есімін берейік» деп бастама көтердім. Пікір жазушылар, жанкүйерлер, жергілікті тұрғындар аса қатты қарсы болмағанын байқадым. Бірақ, аномастика қоғамы қалай шешері әлі белгісіз. Дегенімен Мұстафа Шоқай – Түркістан автономиялық мемлекетін құрған адам. Оның арман мұраты күллі түркі дүниесін бір шаңырақтың астына жинау болды. Идеясы өте керемет еді. Бірақ, әлемдегі ең аз өмір сүрген мемлекет болып қала берді. Сосын ол кісі Гитлермен сөйлескеннен кейін «Түркістан» легионын құрып қаншама қазақты өлімнен арашалап қалды. Жалпы, айта берсе көп ғой. Тарихты жақсы білетін адамдар Мұстафаның қандай тұлғма екенін айтпай-ақ ұғынады. Сондықтан менің бұл ұсынысым қабылданып кетсе екен деген тілегім бар. Қабылдамаса да әлбетте ештеңем кетпейді ғой.

Ермұхамед МӘУЛЕН,

спорт комментаторы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: