Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада тоғызқұмалақшылар тұңғыш рет жасанды интеллектімен сынға түсіп жатыр

05.03.2026, 9:45 33

Қызылорда қаласында халықаралық-рейтингтік турнир аясында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алу мақсатында тоғызқұмалақтан тұңғыш рет «Champion» турнирі өтіп жатыр.

Бұл туралы облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оған Қырғызстан Республикасы мен еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар келді.

— 2008 жылы басталған жарыс әлемдік деңгейдегі чемпиондардың шеберханасына айналды. Оны турнирдің тарихынан анық көруге болады. 2017 жылы алғаш рет халықаралық деңгейге көтерілді. 2020 жылы жарыс аясында тұңғыш рет Азия кубогі ұйымдастырылды. Үздік спортшылар биыл тұңғыш рет жасанды интеллектпен сынға түседі. ЖИ тоғызқұмалақшының деңгейі халықаралық спорт шеберінің деңгейімен бірдей. Оның авторы — жоғары технологиялық ЖИ бағдарламасын әзірлеуші Абылай Нұрске есімді астаналық азамат, — деді турнирдің бас төрешісі, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Хакімжан Елеусінов.

Бұл жүйе ұлттық ойын ережелерін меңгеріп, қарсылас ойыншының әрекетіне қарай жауап қайтара алады. Мамандар оны бұған дейін тарихи жетістік ретінде бағалап үлгерді. 
Турнир барысында алдағы халықаралық және республикалық жарыстарға қатысатын үздік спортшылар анықталады. Жарыс қорытындысы 6 наурыз күні белгілі болады.

Фото: Қызылорда облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: