Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада кәсіби футзал клубы құрылды

08.08.2025, 15:15 202

Бұл туралы спорт журналисі Әділбек Жақанов хабарлады.

Оның сөзінше, кәсіби клуб алғашқы ойынын 25-30 тамызда басатп көреді.

– Сыр өңірінде «Qyzylorda» футзал клубы құрылды! Жаңа команда тек жергілікті талантты аяқдопшылармен жасақталатын болады. Бүгінде аймақтың әуесқойлар лигасында 10 мыңға жуық адам шағын футболмен шұғылданып жүр. Клуб алғашқы қадамын 25-30 тамыз аралығында Қазақстан Кубогы бәсекесінен бастайды. Негізгі мақсат – биыл футзалдан Қазақстан Бірінші лигасында өнер көрсету, – деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бұған дейін Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман Kazinform агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында Қызылорда футзалы туралы айта кеткен еді.

– Аймақтарда қаржыландыруды кешіктіру немесе бюрократиялық қиындықтар туындап жатады. Біз диалог орнатуға және мәселелерді шешуді жеделдетуге қол ұшын созамыз. Сондай-ақ, көбі маркетинг пен демеушілерді тартуға көмек сұрайды. Мен оған қатысты кеңестер беремін және ақпаратпен бөлісемін. Ал топ-клубтарда матчты ұйымдастыру және өткізу уақыты жөнінде ұсыныстар түседі. Біз ашық ұйымбыз және әрқашан клубтармен байланыс орнатуды қалаймыз. Мен чемпионаттың географиясын ұлғайту үшін еліміздің көптеген аймағына жиі барып тұрамын. Мәселен, Қызылордада жоғары деңгейдегі футзал дәстүрі қалыптасқан, дегенмен онда кәсіби команда жоқ, – деген еді ол.


Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: