Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мессидің 33 рекордын білесіз бе?

03.10.2020, 15:00 852

HALYQLINE.KZ 1987 жылы 24 маусым күні Росарио ауылында аргентиналық шабуылшы Лионель Месси дүниеге келді. «Барселона» командасының капитаны қазір 33-те, өз мансабында мыңдаған жетістіктерге жетіп үлгерген. Соның ішіндегі ең маңызды деген 33 рекорды жайлы айтамыз.

1. «Алтын допты» 6 рет алған. Футболшыға берілетін ең мәртебелі сыйлық ­ – «Алтын доп». Осы сыйлықты 6 рет иеленген жалғыз ойыншы ­ – Лионель Месси. Тіпті, оның қарсыласы Криштиану Роналду 5 «Алтын доппен» шектелген. 

2. Испандық «Ла лига» сұрмергені атану оңай шаруа емес. «Алтын бутсыды» 6 рет алған Мессиге тең келер әлі бір ойыншы жоқ. 

3. Аргентина ұлттық құрама командасының үздік сұрмергені атанған. Өз елінің ең үздігі осы уақытқа дейін 70 гол соғып үлгерген. 

4. «Барселона» тарихындағы үздік ойыншы. Месси «Барселона» сапында 16 жыл керемет ойын көрсеткен. Сол уақытта дейін 700 ойын ойнап, 635 гол соққан. 

5. Испания чемпионатының тарихындағы ең үздік сұрмерген Месси 440 гол соқты. Бұл межеге жақын тек Роналду болатын, алайда ол Италия чемпионатына ауысып кетті.

6. «Эль классико» ойындарындағы нәтижелі футболшы. «Эль классико» испаниялық қос грант арасындағы бұл қақтығыста тіпті гол соғудың өзі ғанибет. Ал Месси болса, 26 рет мадриттік команда қақпасының кілтін тапқан. 

7. Ең көп жүлде алған аргентиналық футболшы. Аргентина сапында жүлделі жұлдыздар өте көп. Бірақ, Мессидің «Аргентина» сапында жеңіп алған 35 жүлдесіне әлі жақын келер ешкім жоқ. 

8. «Барселона» сапындағы ең жүлделі ойыншы. Месси ­ – өз командасының ең жарық жұлдызы. «Барселона» командасы сапында 34 жүлдеге қол жеткізген.

9. Бір маусымда ең көп гол соққан футболшы. 2012 жылы Месси ерекше ойынмен жанкүйерлерді таңдандырған. Сол маусымда 91 гол соққан Лионель рекорды әлі де бұзылмай келеді. 

10. Чемпиондар лигасында 50 және 100 гол соққан ең жас ойыншы. 

11. Чемпиондар лигасын 4 рет ұтқан ең жас футболшы. 28 жасқа дейін, нақтырақ айтсақ 27 жас, 347 күн. Чемпиондар лигасын 4 рет ұтып үлгерген. 

12. Испанияда бір клуб сапында 600-ден аса гол соққан жалғыз ойыншы. Айтып кеткендей, «Барселона» сапында 635 гол соққан. Тіпті, Реалдың үздік сұрмергені болған Роналду 450 гол соққан. 

13. Испания футбол тарихында ең көп хет-трик жасаған. Месси Испанияның барлық жарыстарын қоса алғанда 47 хет-трик жасаған. Тіпті, Роналдудың өзі 38 рет хет-трик жасап қалдырған.

14. «Барселона» сапында еурокубоктарда ең көп гол соққан. Месси каталондық клубпен еурокукок ойындарында 117 гол соққан. 

15. Испанияның легионерлері арасында ең көп ойын ойнаған. Ол 700 ойында өнер көрсеткен. 

16. Месси Испания лигасында 37 команда қақпасына гол соққан. 

17. Өз алаңында ең көп гол соққан ойыншы. «Барселона» алаңы «Camp Nou» катаолон тілінен аударғанда «Жаңа алаң» дегенді білдіреді. Осы алаңда 257 рет қарсылас қақпасына доп енгізген. 

18. Сырт алаңда ең көп гол соққан ойыншы. Месси басқа команда алаңдарында да керемет ойын көрсетіп 183 гол соғып үлгерген. 

19. Испания чемпионатында бір маусымда ең көп гол соққан. 2011-2012 маусымында Месси «Ла лига» ойындарында 50 гол соғып, жаңа рекорд орнатты.

20. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде бір ойында 5 гол соққан жалғыз ойыншы. 2012 жылы чемпиондар лигасының қарымта кездесуінде «Барселона» леверкусендік «Байер» клубын 7:1 есебімен талқандаған. Сол ойында Месси пента-трик жасады.

21. 111 дубль жасаған. Испания лигасында 111 рет дубль жасаған ойыншы рекордына ие. Дубль ­- бір ойында 2 гол соғу. 

22.  Клубтар арасындағы әлем чемпионатының үш бірдей финалында гол соққан жалғыз ойыншы. 

23. Испаниялық «Суперкубок» тарихындағы ең үздік сұрмерген. Бұл додада 14 гол соққан.

24. Әлем чемпионатында Аргентина құрама командасы атынан гол соққан ең жас ойыншы. Месси әлем чемпионатында алғаш рет 2006 жылы Сербия қақпасына гол соқты. Ол кезде Мессидің жасы 19-да болған, дәлірек айтсақ 18 жас, 357 күн. 

25. «Барселона» сапында бір маусымда ең көп хет-трик жасаған ойыншы рекордын иеленген. 2011-2012 маусымында 10 хет-трик жасаған. 

26. «Эль классикода» 2 рет хет-трик жасаған ойыншы. 

27. Испанияда бір маусымда барлық команда қақпасына гол соққан жалғыз ойыншы. 2012-2013 жылғы маусымда Месси «Ла лиганың» барлық командаларына гол соғып шыққан. 

28. Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде покер жасаған алғашқы ойыншы. 2009-2010 жылғы маусымда өткен ширек финалда Месси лондондық «Арсенал» командасының қақпасына 4 гол соққан.

29. «Алтын бутсы» рейтингі бойынша 2012 жылы 100% ұпай жинаған жалғыз ойыншы.

30. Әлем чемпионатының Оңтүстік Америкадағы іріктеу кезеңінде ең көп гол соққан футболшы. Месси сол іріктеу ойындарында 21 гол соғып, өз командасын әлем чемпионатына алып шыққан. 

31. Испанияда легионерлер арасында ең көп жүлде иеленген футболшы. Осы уақытқа дейін 10 рет Испания чемпионы атағын алған.

32. Аргентиналық құрама сапында бір әлемдік чемпионатына іріктеу кезіңінде 10 гол соққан.

33. «Эль классикода» гол соққан ең жас шетелдік ойыншы. Месси алғаш рет мадриттік «Реал» қақпасынан 19 жас 259 күнінде саңылау тапқан.

Жинақтаған Дамир СЕЙІЛХАНОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: