Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Месси мен Роналду алаңда бір-біріне қарсылас атануы мүмкін

10.01.2023, 23:30 653

HALYQLINE.KZ Франциялық ПСЖ қаңтардағы Катар мен Сауд Арабиясында өтетін оқу-жаттығу жиынының кестесін жариялады, – деп хабарлайды Vesti.kz.

ПСЖ 17 қаңтарда Катардың астанасы Дохаға барып, 2022 жылғы әлем чемпионатының стадиондарының бірінде жаттығады. Бұдан кейін француз алыбы Эр-Риядқа (Сауд Арабиясы) жол тартады, онда 19 қаңтарда жергілікті «Әл-Наср» және «Әл-Хилал» клубтарының үздік ойыншыларынан құралған командамен жолдастық кездесу өткізеді. ПСЖ ойыннан кейін Парижге оралады.

Айта кетейік, 2022 жылғы желтоқсан аяғында саударабиялық клубқа ауысқан шабуылшы Криштиану Роналду «Әл-Наср» сапында ойнайды. Шабуылшы Лионель Месси ойнайтын ПСЖ-мен матч португалдық үшін жаңа командадағы дебют болуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: