Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Месси «Барселонадан» кетуге ниетті

26.08.2020, 9:50 409

«Барселона» аргентиналық шабуылшы Лионель Мессидің клубтан кетуге шешім қабылдағанын растады, деп хабарлайды Aladop.kz сайты.

Қазіргі келісімшартында әр маусымның соңында келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармағы болған екен.

Дереккөздің хабарлауынша, футболшы «Барселонадан» кету туралы өтініш білдірген, бірақ клуб оны клубта қалуға көндіру үшін бар күшін салуға ниетті. Ойыншы келісімшартта көрсетілген нұсқаны пайдаланбақшы, яғни ол жерде әр маусымның соңында біржақты шешім бойынша келісімшартты бұзуға мүмкіндік беретін тармағы болған екен.

Еске салайық, аргентиналық ойыншыға «Манчестер Юнайтед», «Манчестер Сити», «Пари Сен-Жермен» және «Интер» қызығушылық танытуда. Өткен маусымда 33 жастағы Месси барлық турнирлерде 44 матчқа қатысып, 31 гол соғып, 26 голдық пастың авторы атанды. Ойыншының клубпен келісімшарты 2021 жылдың жазына дейін жарамды.

Месси – «Барселонаның» түлегі, клуб тарихындағы ең үздік бомбардир. «Барселонаның» құрамында Месси төрт рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: