Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Месси – 2023 жылғы «Алтын доп» иесі

31.10.2023, 8:30 201

HALYQLINE.KZ

Атақты футболшы өз рекордын жаңартты.

France Football нұсқасы бойынша ең үздік ойыншы америкалық «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси болды.

Марапаттау рәсімі Париждегі Chatelet театрында өтті.

Аргентиналық бұл жүлдені өз мансабында сегізінші рет жеңіп алып, өз рекордын жаңартты.

Месси 2009, 2010, 2011, 2012, 2015, 2019 және 2021 жылдары «Алтын допты» жеңіп алды.

Сондай-ақ, тарихта алғаш рет жүлдені еуропалық клубтарда ойнамайтын футболшы алды.

Сурет  ашық дерекөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: