Біздің балалық шағымыздағы қайталанбайтын дауысымен белгілі футбол комментаторы Котэ Махарадзені бәріміз білетін едік. 1942 жылы Тблисииге эвакуациямен келген өнер жұлдыздары Немерович-Даченко, Книппер-Чехова, Качаловтың өнерін көруге өнер училищесінде оқитын студент Котэ күнде келетін, әсіресе Н.Качаловтың «Дай мне руку Джим» монологын да жаттап алған болатын. Ақыры актер болып театрда қызмет істеп жүргенде 1957 жылы Тбилиисиге АҚШ баскетболшылары келгенде, оған ойынды жүргізуге тапсырды. Содан бастап Махарадзе Грузияда белгілі спорт комментаторы болып қалыптастты.
1960 жылы «Москвада «Динамо» (Тбилисии) мен «Пахтакор» (Ташкент) кездесуін сен өткіз» деп белгілі спорт комментаторы, СССР халық артисі Николай Озеров шақырды. 1961 жылы мавзолейден Сталиннің денесін шығарып тастағандықтан, сол кезде футбол кездесулерін жүргізе бастаған Махарадзені москвалықтар жақтырмай «Сталиннен зорға құтылып едік, мына грузин қайдан пайда болды?» деп салқын қабылдады. Алайда, ол көп ұзамай өзінің бай әзілге толы сөздік қорымен футбол жанкүйерлерінің жүрегін жаулап алды. Сол кездегі сөздерін тағы бір еске түсірейікші: «Арбитр достал из штанов удаление», «Были у него шансов возможности», «Мяч попал в голову защитника. Если есть мозг, возможно будет сотресение», «Пока мяч в воздухе, коротко о составе».
Енді, Махарадзенің мезгілсіз махаббатына келейін. Котэ бұл туралы: «Мен өз үйімде театр ашып, оны енемнің атымен атаған әлемдегі жалғыз еркекпін» деп күлдіретін. Болашақ енесі Верико Анджаппаридзе ХХ ғасырдың ұлы актрисасы әрі режиссері еді. Оның қойған «Уриэлл Апоста» спектаклін бірінші рет көруге барғанда, басты рольде ойнаған Вериконың қызы Софико Чаурелиді бір көргеннен ғашық болды. Ол кезде Котэ екінші некеден де жолы болмай ажырасып кетіп, басы бос болғанмен, Софиконың өзінен жас байы мен ұлдары бар еді. Қасқа бас Котэ 54-те, сұлу Софико 43-те еді, арасындағы махаббат оты бірте-бірте маздап жана бастады, оған себеп Софиконың басқан ізінен қалмаған Котэ өзін жақсы көретінін дәлелдей бастады. Кезекті гострольге поезбен шығарып салған Котэ, артынан ұшақпен ұшып барып, сол қаланың перронынан Софиконы гүлмен қарсы алып тұратын. Софиконың жануарларды жақсы көретінін біліп не сыйламады десеңізші: балапан, үйрек, тотықұс, павлин, тіпті есігінің алдына есекті де әкеліп байлаған болатын. Ақыры, Софико бай-баласын тастап, анасы Верикомен Котэнің үйіне көшіп барды, сол кезде ғой Котэнің өз үйін енемнің атындағы театр, ал Софико екеуміз соның артистеріміз деп жүргені, шынымен өмірде де артист бола білді.
Мұрнына футболдың иісі де бармайтын Софико «Динамо» командасының нағыз жанкүйеріне айналды. Содан кейін СССР тарады, футбол командалары завод пен фабрика сияқты жеке адамдардың қолына өтті, бұған Котэ қатты күйініп былай деген болатын: «Қалайша бүкіл елдің намысын қорғайтын ұлттық командаға жеке бай адам иелік етеді? Сонда Франция командасы сияқты бола ма? Онда 9 негр, 2 мулат, 4 митис бар болғанмен Франция командасы деп аталады, бұндай футбол маған керек емес» деп сырттан шақыратын легионер мен трансферлерді ақыры түсінбей кетіп «мен үшін футбол мәнін жойды» деген болатын.
2002 жылы қарашада Грузия мен Ресей командаларының ойнына комментатор болуға шақырғанда барған жоқ, телевизордан көріп отырғанда стадиондағы жарықтың екі рет сөніп қалғанына қатты қапаланды: «қалайша жарық сөнеді, оны бүкіл әлем көріп отыр» деген болатын. арада бір айдан астам өткен соң алып жүрегі 19 желтоқсанда тоқтады. Жүрегі ауырғанда Ресей мен Грузия дәрігерлері операция жасағанмен кепілдік бермейміз дегесін, Лондонға барғанда жеке клиника 35 000 доллар сұрап, қиналып қалғанда әнші Иосиф Кабзон ақша аударған болатын, оның жүрегі жаңа футболды қабылдамағанынан ауру болған-ды. Ол соңғы күндерінде «мен Софикодан бұрын кетуім керек, мен шыдамаймын, ол мықты шыдайды» деген тілегі қабыл болды. Софико Котэнің артынан 5 жылдан кейін кетті. Ол өз ұлтын жақсы көрді, 1981 жылы Дюсесольдорффта Тбилисиидің «Динамо» командасы УЕФА-ның «Кубоктардың кубогын» жеңіп алғанда қуаныштан: «Грузияның ежелгі астанасы қуаныш құшағында» дегенде, Москвадағы Лубьянка алаңындағы Дзержинский ескерткішінің артындағы қаһарлы органға шақырып: «Динамо» командасының жеңісі бүкіл одақтың жеңісі болып табылады. Сіз неге тек Грузияның қуанышы деп айттыңыз» деген болатын.
Бақытжан Абдул-Түменбаев,
тарихшы, журналист-дайджест.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!