HALYQLINE.KZ –| «Леганес» футбол клубының бас бапкері Хавьер Агирре Ла лиганың 20 маусым күні басталатынын мәлімдеді» деп жазады Prosports.kz.
Бапкердің айтуынша, оларға чемпионаттың басталатын және аяқталатын уақыты алдын ала хабарланған екен.
– Ла лиганың басталатын уақыты бекітілді. Чемпионатты 20 маусымда бастап, бес аптада аяқтау жоспарланып отыр. Чемпионаттың басталатыны жайлы бізге хабарлады. Өте қуаныштымыз, ертеңнен бастап жаттығуға кірісетін боламыз, – деді Хавьер.
Айта кетейік, бұған дейін Германия Бундеслигасы 16 мамырда басталатыны ресми хабарланған болатын.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!