Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Геннадий Головкиннің бапкері дүниеден өтті

03.05.2025, 3:45 263

Бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы әрі Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев дүниеден өтті, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин марқұмның отбасына көңіл айтты.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпидалық комитеті ұжымының атынан және жеке өз атымнан орны толмас ауыр қайғыға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Бұл – бүкіл спорт қауымдастығы үшін ғана емес, оның шәкірті ретінде мен үшін де ауыр қаза. Виктор Константинович тек үздік жаттықтырушы ғана емес, нағыз тәлімгер, ұстаз, үлгі болатын жан еді. Оның спортқа деген адалдығы, кәсібилігі және әрбір спортшыға ерекше көзқараспен қарай білуі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Ол Қазақстандағы бокстың дамуына өлшеусіз үлес қосып, тұтас бір дарынды спортшылар буынын тәрбиелеп шығарды. Орын толмас ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамын. Оның жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады»,-делінген көңіл айту хатында.

Айта кетейік, еліміздің еңбек сіңірген бапкері Виктор Дмитриев 71 жасында өмірден озды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: