«Ақтөбе» ФК бас бапкері Вячеслав Дмитриевич Левчук өз қызметінен босатылды.
Бұл туралы halyqline.kz тілшісі “Ақтөбе” ФК ресми аккаунтына сілтеме жасап хабарлайды.
— Бұл шешім команданың соңғы кездегі нәтижелері мен ішкі жағдайларын ескере отырып қабылданды. Абай облысының «Елімай» ФК қарсы ойында Левчук шәкірттері 2:1 есебімен жеңілген еді. Осы орайда, клуб басшылығы осындай шешімге келді. Клуб ұжымы Вячеслав Левчуктің командаға сіңірген еңбегі үшін алғыс білдіреді және оның болашақтағы жұмыстарына сәттілік тілейді, — делінген футбол клубы таратқан ақпаратта.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!