Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Университет ғалымдары «Хорасан» кен орнында болды

26.12.2022, 16:45 282

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ғалымдары Жаңақорған ауданында орналасқан «Хорасан» кен орнына барып, компания қызметкерлері мен басшыларымен кездесіп, еркін пікір алмасу болды.
Екі жақты ынтымақтастық туралы Меморандум аясында мұнай-химия және экология, техносфералық қауіпсіздік, геология және гидротехника, цифрландыру және ІТ, автоматтандыру, электроэнергетика, техносфералық қауіпсіздік және т.б. салалар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізуге, компанияның өндірістік мәселелерін шешуге бағытталған ғылыми жұмыстарын университеттің ғалымдарымен бірлесе атқару көзделеген.
Аталған жоспарларды жүзеге асыру мақсатында «Хорасан» кен орнының жұмысымен танысып, алдағы уақытта орындалатын жұмыстарды айқындау, талқылау, білім алушылардың іс-тәжірибеден өту бойынша университет ғалымдарынан құрылған жұмыс тобы компания қызметкерлерінің ұсыныстары мен пікірлерін тыңдап, алдағы уақытта мәселелерді шешу жолдарын талқылады.


Бұл іс-шара ғылым саласы үшін маңызды рөл атқарады және өңірлік экономиканың инновациялық дамуы мен Қазақстан Республикасының өркендеу ісіне тиімді үлес қосады.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: