Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған азаматтар да еңбек етуде

29.09.2021, 11:30 464

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөлімінде 18 сотталған азамат еңбек етуде. Жалпы шаруашылық бөліміндегі жұмыстарға жеңіл түрде қылмыс жасаған сотталғандар өз өтінімі бойынша қалдырылады.

Мекеме әкімшілігі сотталғандарды икем дағдыларына, білімдеріне қарай жұмыспен қамтып отыр. Соның негізінде бүгінгі таңда, бұл сотталғандардың бірі, аспаз, бірі дәнекерлеуші, бірі құрылыс жұмыстарына тартылған.

– Менің дәнекерлеші мамандығына алған дипломым бар. Бостандықта жүргенде жеке көлік жөндеу шеберханасында жұмыс істеген болатынмын. Енді міне, сол кәсіби мамандығым бойынша жазамды өтеп жүріп, жұмыс тапқаныма мекеме басшылығы мен өтінішімнің орындалуына себепкер болған жасақ бастығы, әділет аға лейтенанты Н.Ниязовқа алғысымды білдіремін, – деді, С. есімді сотталған.

Келесі бір соталған азамат мекеме аумағындағы жөндеу жұмыстарына тартылған. Б. есімді сотталған жатахана ғимаратының сыртқы жөндеу жұмыстарын (сылау мен әктеу) ерекше ынтамен атқарды. Еңбек оның ерік – жігерін шыңдап, болашаққа деген үмітке жетелейді.

Сондай-ақ, бас бостандығынан айырылған азаматтардың бұл еңбегі – тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаны міндеттеушінің бірі. Сотталғандарды еңбекке тарту негізінде, қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі де жатыр. Осы себептермен жыл басынан бері шаруашылық бөліміне қалдырылған 6 сотталған, сот белгілеген шығындарын айлық жалақысынан ұстау барысында толықтай өтеп, төлеп шықты.

– Иә, біздің тергеу изоляторындағы еңбек етіп жүрген азаматтардың барлық құқықтары қорғалған. Оларға жалақы төленеді. Зейнетақы қорына ақшалары аударылады. Ал өндірістік жарақат ала қалған жағдайда да көмек көрсетіледі. Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы олардың пайдасына шешіліп, тек жақсылыққа бастайды, – дейді АКАӘПТЖ-ның бастығы, әділет капитаны А.Тұрманов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: