Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды

19.09.2023, 17:40 166

HALYQLINE.KZ

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты «қаңтар оқиғасы» кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

“Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты”, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Ал, Бас прокуратура өкілі Дархан Дүйсембай Самат Әбіштен ешқайда кетпеу туралы қолхат алғанын, қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-ші департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш бұйрық бергенін мәлімдеген.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: