Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Нұрсұлтан Назарбаевтың қайда екені белгілі болды

17.01.2022, 16:30 267

HALYQLINE.KZ Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен туған ауылына соғып, одан әрі Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кеткен. Бұл туралы K-News.kg хабарлады.

Қырғыз ақпарат агенттігі Назарбаевтың жерлестері мәлімдемелеріне сүйене отырып, оның 2-3 қаңтар күндері туған ауылы – Алматы облысы Қарасай ауданындағы Шамалған селосында болып, бұдан ары Бішкек арқылы Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кеткенін жазды.

Қазіргі күндері бұл елді мекенде бұрынғы президенттің туған-туыстары тұрады. Жұрт оның ауылға ат басын бұрғанын көптеген көліктен құралған кортеждің келгенінен білген.

«Бұрынғы президент зиратқа барып қайтпақшы болып еді, алайда, оған дейін де жете алмады», – деді Шамалған ауылының бейіттерді бақылай алатын бір тұрғыны «Московский комсомолец» газетінің тілшісіне.

Ауыл әкімдігіне істейтін оның айтуынша, Назарбаев Шамалғанға Жаңа жылдан кейін ауырып жатқан інісі Болаттың көңілін сұрауға келген.

«Менің білуімше, осыдан кейін Назарбаев пен оның отбасының бірқатар мүшелері бронды машиналарға мініп, қырғыз шекарасына қарай кеткен. Сол жерде оларды біреулер күтіп алып, аэропортқа дейін жеткізген. Бішкектен бәрі бір ұшақпен Біріккен Араб Әмірлігіне ұшып кеткен», – деді жергілікті тұрғын.

Назарбаевтың БАӘ-ге аттануы мүмкін екенін оның туыстарының осы жерде екені де білдіреді. Осылайша экс-президенттің кіші қызы Әлия Назарбаеваның әлеуметтік желіге жазған жазбасы оның БАӘ-де жүргенін білдіріп қойды. Содан кейін ол өзінің барлық аккаунттарын өшірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: