Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Назарбаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық билікке ие екенін айтты

18.01.2022, 16:20 309

HALYQLINE.KZ Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасап, элитада қақтығыс немесе текетірес жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы tengrinews.kz сайты жазды.

«Маған келген көптеген өтініш жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жазбаларға байланысты мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырғанымды, содан бері зейнеткер болып жүргенімді және қазір Қазақстан астанасында демалыста екенімді, ешқайда кетпегенімді мәлімдеймін», – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті бейнеүндеуде.

Назарбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың толық билікке ие екенін айтты.

«Ол – Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы. Жақын арада Президент Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды. Сондықтан элитада жанжал немесе қарсылық жоқ. Бұл туралы қауесеттер мүлдем негізсіз», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: