Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мемлекет басшысы: «Тұңғыш Президент маған өлшеусіз сенім артты»

06.07.2020, 17:00 589

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Egemen Qazaqstan газетінде жарияланған мақаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты көптеген мәліметтерді жазады. Сондағы мемлекет басшысының ақтарыла айтқан сөзінен қысқаша үзінді келтіргенді жөн санадық.

– Мен Елбасынан көп нәрсе үйрендім, өмірлік өнеге алдым. «Төрелі жерге ел тоқтайды, төбелі жерге мал тоқтайды». Былтыр еліміздің тарихында үлкен бетбұрыс болды. Тұңғыш Президент биліктің ауысуы барысында маған өлшеусіз сенім артты. Бұл тағы да Елбасы ел мүддесі жолында кез келген шешімге бара алатын ерекше батылдығын байқатты. Ең бас­тысы, біз биліктің ауысуын тұрақтылық жағдайында өткізе білдік. Бұл – Елбасының парасаты мен көрегенділігін көрсеткен тарихи оқиға. Былтырғы Президент сайлауында халық Елбасының стратегиялық бағдарын қолдап дауыс берді. Сондықтан бұл жеңіс – халқымыздың жеңісі!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: