Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Гүлшара Әбдіқалықова: «Ұлттық санаққа алғашқылардың бірі болып қатыстым»

03.09.2021, 10:00 549

Құрметті облыс тұрғындары!

2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Елімізде үшінші кезекті ұлттық халық санағы 2021 жылғы 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін онлайн санақ және 1 қазан мен 30 қазан аралығында планшет қолдану арқылы жаппай сауалнама түрінде жүргізіледі.

Ұлттық санақ басталған күні елімізде ең алғашқылардың бірі болып халық санағына sanaq.gov.kz порталы арқылы онлайн режимде қатыстым. Бұл тәуелсіз еліміздің болашағы үшін өте маңызды. Тәуелсіздігіне 30 жыл толған сүйікті Отанымыздың алдағы кезеңдердегі әлеуметтік-экономикалық даму, демографиялық өсу жағдайын бағалау, сол арқылы тиісті шаралар қабылдау үшін аса қажет.

Респонденттер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында, әкімдіктерде, пошта бөлімшелерінде, мектептерде және т.б. нысандарда орналасатын арнайы ұйымдастырылған нұсқаушы учаскелерде санақтан өте алады.

Қадірлі жерлестер!

Ұлттық санаққа ұйымшылдықпен, ауызбіршілікпен қатысайық!

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: