Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Жыл соңына дейін 50 жолаушылар вагоны сатып алынады

27.11.2020, 12:30 533

HALYQLINE.KZ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ паркін жаңарту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жыл сайын 100 жаңа вагон сатып алу көзделген. Биыл сатып алынған 50 бірлік қазақстандықтарды тасымалдауда. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Вагондар келесі бағыттар бойынша бөлінген:

Нұр-Сұлтан – Арқалық (14),

Нұр-Сұлтан – Семей (8),

Атырау – Маңғыстау (18),

Алматы – Жезқазған (10).

Ағымдағы жылдың соңына дейін Қызылорда – Семей, Алматы – Өскемен, Нұр-Сұлтан – Семей, Алматы – Маңғыстау бағыттарының жолаушыларын қуантатын тағы 50 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр.

Өткен жылы «ҚТЖ» ҰК » АҚ 109 вагонды жаңартты.

Осы уақыт ішінде жүк темір жол көлігімен 340 млн тонна жүк тасымалданды. Жүк айналымы 247,8 млрд ткм деңгейінде тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,6% – ға артты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: