Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды

12.04.2024, 17:00 90

HALYQLINE.KZ

Қызылордада пәтер ұрысы қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлері облыс көлемінде бірнеше үйді үптеген әккі ұры ұсталды. Жедел уәкілдер бұрын сотты болған 30 жастағы тұрғынды облыс орталығының аумағында кезекті ұрлық үстінде ұстады.

Тергеу барысында аталған күдікті үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша мен алтын бұйымдарды ұрлап келгендігі анықталды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 6 млн теңге болды. Бүгінгі күні күдіктінің қала аумағында 8 пәтер ұрлығын жасағандығы анықталып, өзге де ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. 

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: