Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада бірнеше пәтер ұрлығын жасаған күдіктілер ұсталды

28.12.2021, 18:00 611

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық полиция басқармасы Тасбөгет полиция бөлімінің жедел – тергеу тобының қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары пәтер ұрлығына қатысты екі күдіктіні анықтап, ұстады. Сондай-ақ, күдіктілер тағы да басқа үйден 26 дана жылу батареясын ұрлап кеткендігі анықталды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын, қызметтік немесе өндірістік үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кірумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Ұсталған екі күдікті қамаққа алынды.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: