Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысының бас полицейі гарнизондық жиын өткізді

22.12.2023, 13:25 167

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының алаңында жеке құрамның қатысуымен гарнизондық жиын өтті. Гарнизондық жиынды Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Аблазимов Махсудхан Нұғманұлы өткізді.

Нұсқаулық жиын барысында жеке құрамның қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқаруға дайындығы тексерілді. Сондай-ақ сыртқы келбетіне, саптық түсім дағдыларына, бөлімшелердің жалпы үйлесімділігі мен қызметтік автокөліктің жай-күйіне назар аударылды.

Департамент бастығы Махсудхан Нұғманұлы қызметкерлердің сыртқы түр-сипатын, үлгілік киімін, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын жеке тексерді.

Іс-шараға Қызылорда облысы Полиция департаментінің аппараты, Қызылорда ҚПБ-ның жеке құрам қызметкерлері, Ұлттық ұлан, жеке күзет мекемелері мен еріктілер қатысып, сондай – ақ қызметтік автокөлік бірліктері қамтылды. Департаменттің қызмет салалары жалпы 10 қорапты құрады.

Қоғамдық тәртіпті сақтауға кірісетін полиция қызметкерлеріне облыстағы жедел жағдайдың жай-күйі туралы жеткізіліп, бағдарлар таныстырылды. Сонымен қатар департамент бастығы саптық бөлімшелердің командирлеріне тапсырма берді.

«Полиция үшін қашанда қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, адамдардың тыныш, бейбіт өмір сүруін тұрақты қадағалау басты міндет. Мемлекет басшысы халықпен тиімді байланыс орнатуда, алдымен ашықтық, адамдардың мұң-мұқтажына жедел назар аудару мемлекеттік органдар қызметінің негізгі басымдықтары екенін айрықша атады.
Тұрғындардың қауіпсіздігі, олардың құқықтарының қорғалуы, заң талаптарының сақталуы бүгінгі күннің негізгі талабы. Сондықтан да қызмет барысында тұрғындармен ілтипатты қарым қатынас жасау, құқық бұзушылыққа жол бермеу, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау бағытында Департаменттің барлық құрылым басшыларына тапсырма берілді.

Тәртіп сақшысына қойылатын талаптар жоғары. Сондықтан да елдегі тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті нығайту бойынша алдымызға қойған міндеттерін орындауда барлық күш-жігерімізді барынша жұмылдыруға тиіспіз» деді Департамент бастығы Махсудхан Аблазимов.

Сондай-ақ, жиын барысында қызметтік міндеттерін адал атқарған және жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін бас полицей ерекше көзге түскен 10 полиция қызметкерін алғыс хаттармен марапаттады. Олардың қатарында патрульдік, учаскелік полиция инспекторлары мен ювеналды полиция қызметкерлері бар.
Іс-шара соңында полиция қызметкерлері оркестрдің үнімен салтанатты маршпен жүріп өтіп, қоғамдық тәртіпті қорғауға және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында өңірімізде қоғамдық тәртіпті сақтау күшейтілген режимде жүргізілуде. Күнделікті жаяу және автожасақ құрамында полицейлер бекітілген аймақтарда қызмет атқаруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: