Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мұхтар Қожабаев: «Бала тәрбиесі – күнделікті жауапты міндет»

05.08.2022, 12:00 487

HALYQLINE.KZ Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір ата-ана үшін маңызды міндет. Ата-аналар тарапынан балалардың уақтылы  қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, бұл қағидаларды ұстануын қадағалау да маңызды. Жазғы демалыстың басталған сәтінен бастап, балалардың бос уақыты көбейді. Осы орайда ата-аналар сақтық шараларын күшейтіп, бала тәрбиесіне ерекше назар аударуы қажет. Сонымен қатар, жастардың құқықтық сауаттылығын ашу маңызды. Бүгінгі жас – елдің ертеңгі болашағы. 

Балалардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында учаскелік полиция инспекторларымен бірлесе ювеналды полиция қызметкері кезекшілікке бөлініп, қызмет атқаруда. Жасөспірімдердің көптеп шоғырланатын, қалалық демалыс паркінде олардың кешкі серуендеуі кезінде қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қызметкерлер бөлініп, ата-аналар мен оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Қызылорда облысы ПД бастығы Қожабаев Мұхтар балалардың жеке қауіпсіздігі ата-аналардың немесе оларды алмастыратын адамдардың ерекше назарында болуы қажеттігін ескертеді. Бұл орайда, полиция қызметкерлері балалардың қауіпсіздік мәселесіне бей-жай қарамай, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: