Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бала қауіпсіздігі – басты назарда

19.05.2021, 15:30 399

HALYQLINE.KZ 19 мамырда Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Ибраев Бауыржан Әшімұлының қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

2021 жылдың мамыр айында Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасы, Қазан қаласындағы мектептердің біріне атыс қаруымен қаруланған адам оқ жаудыру салдарынан 7 оқушы және 2 мұғалім қаза болып, қоғамда резонанс тудырған аса ауыр қылмыс тіркеліп, әлем назарына ілінді.

Балалардың қауіпсіздігі – бірінші орында. Олардың қауіпсіздігіне тек тиісті мекемелер ғана емес, тұтас қоғам жауапты болу керек. Сонда ғана бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады. Осы ретте білім беру ұйымдарының қауіпсіздігіне тоқталсақ, облыстағы 304 мектептің 302-і (4113 камера) және 30 колледждің барлығы (715 камера) 4828 бейнебақылау камерасымен жабдықталғаны анықталды (3134-і ғимарат ішінде, 1694-і сыртта).

Бейнебақылау камераларымен жабдықталған 70 мектептің 1204 бейнебақылау камераларының 420-сы (14 мектептегі) Қызылорда қаласының Жедел басқару орталығына, аудандардағы 594 камера (56 мектептегі) АПб-нің кезекші бөлімдеріне арнайы компьютермен жабдықталған жүйеге қосылған.

Қалған орта мектептердің бейнебақылау камераларын полиция органдарына қосу мәселесі жақын арада шешімін табады.

Мемлекеттік мүдделі органдармен бірлесіп әрбір білім беру ұйымдарында орнатылған бейнебақылау камераларының стандартқа сәйкес келуі, дабыл қондырғысы, металл іздегіш болуы, жеке күзет мекемелерімен келісім-шартқа отырғандығы жөніндегі мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жалпы, облыста барлығы 110 ювеналды полиция инспекторлары Ішкі істер министрлігінің бұйрығына (2015 жылғы №1098) сәйкес өз қызметтік міндеттерін атқаруда. Оның 54-і мектеп инспекторы болса, 56-сы – аймақтық инспектор.

Әрине, ювеналды полиция инспекторлары жеткіліксіз болғандықтан, қосымша 71 мектеп инспекторын бөлу жөнінде жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар жолданды.

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 4 айында кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар өткен жылмен салыстырғанда 38 пайызға (26-дан 16-ға) төмендеді.

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылар, ата-аналар мен ұстаздар қауымының қатысумен «ZOOM» байланысы арқылы дәрістер өткізілуде.

Сондай-ақ, кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында көптеген жедел профилактикалық шаралар қабылданып («Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Ата-ана Жасөспірім, Көше», «Тұрмыс», «Квадрат», «Учаске»), қараусыз қалған балалар және түнгі мезгілде заңды өкілінсіз болған жасөспірімдер бойынша үнемі жұмыс атқарылуда.

Іс-шаралар нәтижесімен 1765 құқықбұзушылық анықталса, қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 125 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды.

Олардың ішінде, түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін) заңды өкілдерсіз жүрген 1590 жасөспірімнің ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды (442-бабы 2-бөлімі бойынша «ескерту», 442-бабы 3-бөлімі бойынша 7 АЕК айыппұл (20419 теңге)

Жыл басынан Ішкі істер органдарының есебіне қолайсыз отбасы санатымен 41 тұлға алынды. Осындай отбасылардан шыққан балалар қылмыстың объектісі немесе субъектісі болуда, сол себепті олармен үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізудеміз.

Сонымен қатар, балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамағандары үшін (ӘҚБтК 127-бап) 50 (2020-34) ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды (санкциясы 10 аек (27780 теңге) пен 20 аек (55560 теңге) айыппұл). Тек полиция күшімен кәмелеттік жасқа толмағандардың және оларға қарсы жасалатын қылмыстарды тыю мүмкін емес.

Сол себептен, бала тәрбиесіне мүдделі органдармен бірігіп балалар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу оң нәтиже беретіні анық.

Осы мақсатта, ата-аналармен балалардың беймезгіл уақытта, яғни сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық, қоғамдық орындар мен көшелерге шықпауын бақылауы қажет.

Жас балаларды ойын алаңдарында, көпқабатты үй аулаларында, көшелерде және басқа да орындарда жалғыз жүруіне жол бермеуіміз қажет.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: