Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азаматша есірткіні конфеттің арасына жасырып өткізбекші болды

05.11.2024, 20:00 95


Қызылордадағы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №60 мекемесінің жедел бөлімі ақпаратына сәйкес, сотталғанға әйел адам есірткіні конфеттің арасына жасырып өткізбеші болған.

– Арнайы құрылғы арқылы тексеру барысында конфеттің ішіне жасырылған белгісіз заттар анықталды. Режим бөлімі тексеру тобының аға лейтенантты Самат Омаров жұмысын қырағы атқарды.

Түсіндірме жұмыстары өз деңгейінде жүргізілгенімен, аталған факті бойынша оқиға қайталануда. Осы орайда, жазасын өтеуші азаматтардың туған-туыстарынан мұқият болуын сұраймыз, – деді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Алтынбек Тұрарбекұлы.

Аталған жайт бойынша оқиға орнына Қызылорда қалалық ПБ-ның жедел-тергеу тобы шақыртылған. Мамандар «баунти» конфеттерінің арасына жасырылған 12 дана қағазға оралған өткір иісі бар жасыл түсті шөп және 1 дана өткір иісті ақ ұнтақты анықтады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы, 1-бөлігімен Қызылорда қалалық ПБ-ның СДТТБТ-не №244310031002359 санымен тіркеліп, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: