ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта «Әлем мұражайлары бойынша Алтын адамның шеруі» халықаралық көрмесін өткізу кезінде бюджет қаражатын ұрлады деп өзіне тағылған айыпқа қатысты кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді.
Істі сотта қарау барысында мемлекеттік айыптаушы прокурор Еркеғали Закиров айыптау актісін жариялады, оған сәйкес бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы, оның бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан және «Экспонат» ЖШС өкілдері Азамат Көшенов пен Айым Сәдуақасова бюджет қаражатын жымқырды және ысырап етті деп айыпталды.
Прокурор Еркеғали Закиров:
«Қылмыстық әрекеттер барысында айыпталушылар 2020 жылғы ақпаннан желтоқсанға дейін бюджет қаражатын ұрлау жолымен мүліктік пайда тапты. «Даму» аудиторлық компаниясының 2022 жылғы 27 шілдедегі есебіне сәйкес, «Экспонат» ЖШС қағаз жүзінде жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету мен тауарларды тиеп-жөнелту сипатында 221 млн 411 мың 730 теңге сомасына шығыстар тіркеді. Осылайша, Мұхамедиұлы Нұразханмен бірге Көшенов пен Сәдуақасованың көмегімен ақша жымқырды».
Айыптау актісіне сәйкес, Арыстанбек Мұхамедиұлы ҚР ҚК 28-баптың 3-тармағы, 189-баптың 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады, яғни қылмысты ұйымдастыру, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға ретінде қызметтік жағдайын пайдаланды делінеді.
Нұразхан Алмаз ҚР ҚК 28-баптың 5-тармағында, 189-бабының 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс жасады, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауда мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлға ретінде қызметтік жағдайын пайдаланды делінеді.
Азамат Көшенов ҚР ҚК 28-баптың 5-тармағында, 189-бабының 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс жасады, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауда арағайындық танытты делінеді.
Айым Сәдуақасова ҚР ҚК 28-баптың 5-тармағында, 189-бабының 4-тармағының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық іс жасады, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін ұрлауда арағайындық танытты делінеді.
Айыптау актісі жария етілгеннен кейін Арыстанбек Мұхамедиұлы құқыққа қайшы әрекеттер жасамағанын, керісінше Қазақстанға баға жетпес жәдігерді қайтаруға ат салысқанын айтты.
Арыстанбек Мұхамедиұлы:
– «Мемлекет басшысының уақтылы жарлығының арқасында және Қазақстанның Үндістандағы елшілігінің көмегімен Үндістанның Сыртқы істер министрлігі елімізде локдаун енгізілуге соңғы күн қалғанда, яғни 2020 жылы 22 наурызда «Алтын адамды» дипломатиялық пошта арқылы қайтарды. Ковидтік шектеулер тек 2021 жылдың соңында алынып тасталды. Егер біз айыптау актісінде көрсетілген талаптарды ұстанатын болсақ, онда біз коронавирус өршіп жатқан шалғайдағы Үндістанға «Алтын адамды» екі жылға тастап кетуге мәжбүр болар едік, ондай жағдайда, құрметті судья, біз бұл «Алтын адамды» тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл адамзат үшін жоғалтқан болар едік».
Сотталушы өзінің кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді және «ешқай айыптау фактісіне негіздер көрсетілмеген» деп мәлімдеді.
Басқа сотталушылар да кінәсін мойындамайтындықтарын мәлімдеді.
Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі 6 сәуірде сотқа келіп түсті. Астанадағы Байқоңыр ауданының №2 сотында негізгі сот талқысы 17 сәуірде басталды. Сот адвокат Мұхамедиұлының бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырмады.
2022 жылы 29 мамырда Арыстан Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Оған қатысты халықаралық көрмелерді өткізуге бөлінген 140 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдік бойынша қамауға алуға санкция берілді.
16 шілдеде Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша ұрлықтың тағы бір эпизоды анықталды. Антикор Ұлттық музей орындалған жұмыстар үшін мердігер ұйымға 1,3 млрд теңге асыра төлегенін хабарлады. Ал тексеру жұмыстың нақты құны 83,4 млн теңгені құрағанын айқындаған.
Zakon.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!