Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2 мыңнан астам қорғау нұсқамасын шығарды

17.12.2023, 16:10 136

Қызылорда облысының Полиция департаментімен атқарылған профилактикалық шаралар нәтижесінде отбасы тұрмыстық саласындағы құқықбұзушылыққа бейім адамдарға қатысты 2110 қорғау нұсқамасы шығарылып, мінез-құлқына ерекше талаптар 624 азаматқа белгіленсе, 86 адам еріксіз емдеу мекемесіне жатқызылды.

Есепте тұрған тұлғалармен қайта қылмысты болдырмау бағытында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе облыс бойынша «Тұрмыс», «Профилактикалық апталығы», «Есептегі адамдар», «Мен Сіздің учаскелік полиция инспекторыңызбын» іс-шаралары ұйымдастырылып, әкімшілік аймақтарда бұрын сотты болғандар мекенжайларынан тексеріліп, профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.
Қылмыстарға жол бермеуге бағытталған «Тұрмыс», «Қадағалау», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ», «Профилактика апталығы» және «Квадрат» профилактикалық шаралары ұйымдастырылды.

Қаладағы 3 дағдарыс орталығына («Жан», «Ана үйі», «Қамқорлық») зардап шеккен 18 отбасы (18 әйел, 61 бала) орналастырылды.

Тұрмыстық зорлық зомбылықтың зардабы туралы тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында облыс бойынша халықтар көп жиналатын демалыс орындарында, аялдамаларда, сауда үйлерінде, оқу орындары мен мекемелерде 20 000 ақпараттық материалдар таратылды.

Сонымен қатар, жоғары және орта оқу орындарында, кәсіпорындар мен мекемелерде «Жасөспірімдердің құқықтары, міндеттері, жауапкершілігі», «Зорлық-зомбылықсыз қоғам», «Бақытты-отбасы, бақытты-ел», «Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы не білеміз» т.б тақырыбында әңгімелер, дәрістер, сыныптық сағаттар, дөңгелек үстелдер, тренингтер өткізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: