Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Университет ғалымы ауқымды форумға қатысты

04.01.2023, 10:10 334

HALYQLINE.KZ  «Болашақ» университетінің ғалымы ШЫҰ елдері арасындағы білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мәселесіне арналған форумға қатысты.

Жаңа жыл қарсаңында Қытай Халық Республикасының Циндао қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қатысушы елдер, «Бір белдеу, бір жол» желісі бойында орналасқан елдер арасындағы білім беру және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету мәселесіне арналған форум онлайн түрде өтті. Жоғары оқу орындарының дамуы мен ынтымақтастығын ілгерілету мақсатында өткен бұл іс-шараға ШЫҰ елдері жоғары оқу орындарының өкілдері қатысып, баяндама жасады.

Қазақстаннан екі жоғары оқу орны баяндамаға жасаған іс-шараға Қызылорда «Болашақ» университетінің ғалымы да қатысты. Қызылорда «Болашақ» университеті атынан техника ғылымдарының докторы, профессор М.Ж.Досжанов «Жұмыс берушілер ынтымақтастығы шеңберінде инженерлік мамандықтарды кешенді даярлаудағы инновациялар және университеттің кадр саясаты» тақырыбында баяндама жасады.

Бүгінгі таңда отандық университеттер арасында ұлттық білім және ғылым кеңістігінде ғана емес, әлемдік деңгейде бәсекелестік танытатын уақыт келгені баршаға мәлім. Дамудың инновациялық жолына бағытталған жоғары оқу орны ғана ертеңгі күн стандарттарына сай келетіні анық. М.Ж.Досжанов жасаған баяндамада әлемдік жаһандану процесінде білім нәтижесін бағындыруға арналған шаралардың ұйтқысы болып жүрген «Болашақ» университетінің жас ұрпаққа жаңа заман талабына сай білім беру жолында жасап жатқан қызметі, Қызылорда облысын индустриялық-инновациялық тұрғыдан дамытуға, өңірлік өнеркәсіптік кластер үшін маңызды кадрлармен қамтамасыз етуге қажетті «Құрылыс», «Мұнай-газ ісі», «Көлік құралдарын пайдалану және жүктердің қозғалысы мен тасымалын ұйымдастыру», «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлау барысы сөз болды.

 
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: