Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұрыдан айырмасы қайсы, ағайын?»

21.02.2020, 10:51 520

Кейде шектен тыс пысық болған да пайда әкелмейді-ау. Серік Абас Шах досымыздың ақылымен, «ертерек билет алып қойсаңыз, сүйікті жеңгеміздің жанында жатуыңыз арзанға түседі» деген үгітіне еріп Наурыз мерекесінде ел астанасынан Алматыға барып келуге алдын ала қамдандық. Секең мақтаған, арзанға түседі деген «FlyArystan» әуе комнаниясына ерте қимылдап, 2020 жылдың 12 қаңтар күні электронды билет алдық. Жарнамасында арзан дегені шындыққа сәйкесе қоймайды, еш жүксіз және тамақсыз соқа басымыз сопайып әрі-бері ұшқанға 20 752 теңге төледік. Хош.

Атамыз қазақ «үйдегі көңілді базардағы нарық бұзады» дегендей, енді 1 наурыздан қызмет бабымен Алматыда болуымыз керек екен. Әрі пойызбен кетуге тиістіміз. Керексіз болып қалған «FlyArystan» компаниясының 19 наурызға Алматыға, 26 наурызда Нұр Сұлтанға алынған билеттерін өткізбек керек. Онысы электронды түрде қайтарылмайды екен. Амал жоқ «FlyArystan» компаниясына хабарласып, «мына билеттеріңізді қайтып алыңыздар» дейміз ғой. Сөйтсек, әрбір билетті қайтарғанда 10 000 теңгеден ұстап қалады екен! Мынау масқара шығар! Таза тонау деген осы ғой!

Бұл компанияның автобуста қалтаңдағы әмияныңды қағып кететін ұрыдан айырмасы қайсы, ағайын? «Сізге 1 184 теңге тиесілі» дейді компанияның қызметкері телефонда сыпайы түрде. Біз де сыпайы түрде «рақмет» дедік! Ал, өзімізге сызданып тұрып «Атаңның басын аласың, Қайнеке!» дедік. Аман бол, «FlyArystan»! Алдай бер, «FlyArystan»!

Қайнар Олжай

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: