Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлыбритания Назарбаевтың туыстарының зәулім үйлері жайлы мәліметті жария етті (видео)

05.09.2023, 8:50 231

HALYQLINE.KZ

Батыс басылымдары бұл аптада Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары Ұлыбританияда 40 миллион фунт стерлингтен асатын жылжымайтын мүлікке иелік ететінін жазды.

Ұлыбританияда жаңа ережеге сәйкес, жылжымайтын мүлікке иелік ететін офшор компаниялары түпкі бенефициарды жариялауға тиіс.

Британдық Times басылымының жазуынша, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақындары офшор компаниялар арқылы Ұлыбританияда 40 миллион фунт стерллингтен асатын жылжымайтын мүлікке иелік етеді.

Ашықтық туралы жаңа ережеге сәйкес, Ұлыбританияда жылжымайтын мүлікке иелік ететін шетел компаниялары түпкі иесін жариялауы керек. Бұрын бұл мәлімет құпия саналып, жария етілмейтін. Бірақ былтыр Ресей Украинаға басып кірген соң, Ұлыбритания шетел заңды тұлғаларының реестрін құрды. Ондағы мақсат – Біріккен корольдікте офшор компаниялары арқылы зәулім үйлерге кімдер иелік ететінін ашу. Times бұл базадағы ақпаратты жер кадастрындағы мәліметпен салыстырып шыққан. Басылым автократ басшылардың балалары мен олардың серіктері офшор компаниялар арқылы Ұлыбританияда құны жүздеген миллион фунт стерлингке жететін жылжымайтын мүлікке иелік ететінін анықтады.

Ұлыбритания үкіметінің реестріне қарағанда, Қазақстан экс-президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева – Лондонда құны 40 миллион фунт стерлингтен асатын жылжымайтын мүліктің түпкі иесі. Оған Лондонның солтүстігіндегі Хайгейт ауданында бағасы 9,3 миллион фунт стерлингтен асатын үй мен Челси ауданында құны 31 миллион фунт стерлинг екі пәтер тиесілі. Жылжымайтын мүлік Панамада Tropicana Assets Foundation және Villa Magna Foundation офшор компанияларына жазылған. Бұл жылжымайтын мүлік нысандары бұған дейін де британдық басылымдардың назарына іліккен.

Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбаев 2007 жылы Эндрю ханзададан Саннингхилл-парк зәулім сарайын офшор компания арқылы 15 миллион фунт стерлингке сатып алған. Бұл оқиға Ұлыбританияда дау тудырды. Себебі Құлыбаев бес жыл өтпей тұрған үйді ханзада сұраған бағадан 3 миллион фунт стерлингке қымбат бағаға сатып алған. Times сондай-ақ Құлыбаевтың Гайд парк саябағына жақын жерде құны 1,5 миллион фунт стерлинг жылжымайтын мүлкі бар екенін жазды. Ол бұл мүлікке Британ Виргин аралдарындағы компания арқылы иелік етеді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дариға Назарбаева Times сұрақтарына жауап бермеген. Ал Құлыбаевтың өкілі Schillings компаниясы оның «тәуелсіз және табысты бизнесмен екенін, өз дәулетін 35 жыл бойы заңды және ашық жолмен жиғанын» айтқан.

https://www.centralasian.org/a/nedvizhimost-na-40-mln-funtov-sterlingov/32578760.html?ltflags=mailer

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: