HALYQLINE.KZ –| «Президент төтенше жағдайдан кейін де жабық күйде қалатын нысандарды атады» деп хабарлайды LS сайты.
Тоқаевтың айтуынша, карантинді жартылай жеңілдету шараларын қабылдау әдеттегі өмір салтына қайта оралу емес. Сондықтан, ТЖ-дан кейін де көпшілік жиналатын бірқатар орындар жұмыс істемейді.
«Сауда, ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, мейрамханалар, саябақтар және басқа да көпшілік жиналатын орындар жабық болады. Сондай-ақ, университеттерде, колледждер мен мектептерде қашықтан оқыту жүйесі қалады», – деді Мемлекет басшысы.
Бұған дейін Тоқаев 11 мамырда жаңа төтенше жағдай туындамаса, Қазақстанда төтенше жағдай аяқталады деп мәлімдеген болатын.
Айта кетейік, Қазақстанда 12 наурызда сауда-ойын-сауық орталықтары мен кинотеатрларды уақытша жабылған болатын. Ал,13 наурыздан бастап көпшілік жиналатын шараларды өткізуге тыйым салынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!