Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Казармалық социализм сұмдығы

24.09.2022, 10:00 1025

HALYQLINE.KZ

ТАГАНРОГ-тан КЕЛГЕН ЭТАП еді…

Мен Пермь (бұрынғы Молотов) облысындағы «Ваганькино» лагерінде бақылаушы (надзиратель) болып істедім. Бұл лагерь туралы «Кім Ваганькинода болмаса, ол қайғыны көрген жоқ» (Кто на Ваганькино не бывал тот горя не видал) деген қанатты сөз болды. Лагерь бастығы Александр Петрович Толостов деген жендет болды. Мен оны Нырабоков изоляторынан білетін едім. Ол күнделікті үш мезгіл камераға кіріп, револьверімен бір адамды атып барып, таңертенгі, түскі, кешкі асын ішуге отыратын. Бұл әдетін Толостов «аппетит ашу» деп атайтын.

1946 жылы лагерьге Таганрогтан кезекті этап келді. Этапта 16-20 жас аралығындағы өрімдей жасөспірім бірыңғай қыздар еді. Лагерьге дейінгі 80 шақырым жолды Тайгадан айдауылдар (конвой) жаяу айдап әкелгендіктен, әбден қалжырап әрең жеткендігі көрініп тұрды. Сол жерде 200 тұтқын қызды анадан туғандай шешіндіріп қойып, лагерь бастығы Толостовты күтті. Ол қарап өзіне керегінше қыздарды алып қалып қалғанын лагерьдегі ұры-қарылар мен олардың шестеркаларының талауына берді. Қаны мен көзі қарайған олар азанға дейін қыздарды зорлап, білгенің істеді. Таңертең қыздарды бригадаға бөліп, кесілген бөренелерді иығымен тасып бір жерге жинады. Адам шыдамас ауыр жұмыстан қалжыраған қыздар бір айдан кейін өле бастады. Менің міндетіме тұтқындарға өлген қыздарды көтертіп, ат қораның артындағы үлкен шұңқырға тастау болды. Бараққа кіргенде өлейін деп жатқан қыздар: «Ағажан, біз өлгеннен кейін үстіміздегі көйлегімізді шешпендерші» – деген еді. Бірақ олардың соңғы өтініштерін ешкім орындаған жоқ.

Силевестр Иванович Волошин. НКВД-нің бұрынғы бақылаушысы. 1989 жыл.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: