Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Таң ауылында “Ер есімі – ел есінде” монументі ашылды

08.05.2025, 17:48 154

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Таң ауылдық округінде боздақтарды еске алуға арналған «Ер есімі – ел есінде» атты ескерткіш монументі салтанатты түрде ашылды.

Шараға аудан әкімі Ардақ Ибраимов, аудандық мәслихат төрағасы Өмірзақ Елеусінов, Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев, тыл және еңбек ардагерлері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты рәсім барысында Мәңгілік алау монументіне гүл шоқтары қойылып, соғыс құрбандарының рухына Құран бағышталды.

Аудан әкімі ел қорғаған ерлердің есімі ешқашан ұмытылмайтынын атап өтіп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу бағытындағы мұндай шаралардың маңыздылығына тоқталды.

“Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, қадір-қасиеті артып, тағылым-тәрбиесі мен мән-мағынасы тереңдей түсуде. Қаншама уақыт өтсе де Ұлы Отан соғысы біздің тарихымыздың қасіретті беттері болып қала береді. Әрқашан аспанымыз ашық, күніміз жарқын болсын! Елімізде бейбітшілік туы мәңгі желбіреп, әрбір шаңырақта шаттық пен қуаныш орнасын!», – деді аудан әкімі А.Ибраимов.

Сонымен қатар, шара барысында Қазақстанның Еңбек Ері Имамзада Шағыртаев сөз сөйлеп, боздақтардың рухына тағзым етудің – ұрпақ парызы екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері, түйе палуан Көлжан Сүлейменовті еске алуға арналған жастар арасындағы қазақ күресінен облыстық турнир ұйымдастырылды. Турнирде аймақ бойынша ауыр және орта салмақтағы палуандар белдесіп, ел рухын асқақтатты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: