Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталған азаматтар арасында виртуалды ойын ұйымдастырылды

11.09.2026, 11:00 53

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мекемесінде шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сондай-ақ жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру мақсатында түрлі мәдени-спорттық және ойын бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Осы бағыттағы жұмыстардың бірі ретінде мекеменің тәрбие бөлімінің бастығы, әділет капитаны Батырбеков Азаттың ұйымдастыруымен шаруашылық қызметіне қалдырылған сотталған азаматтар арасында PlayStation виртуалды ойыны өткізілді.

Аталған ойын қатысушылардың бос уақытын мазмұнды өткізуімен қатар, олардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, командалық рухын қалыптастыруға және белсенділігін арттыруға бағытталды. Ойын барысында сотталған азаматтар өзара бақ сынасып, ептілік, шапшаңдық пен ойын шеберліктерін көрсетті.

Жарыс барысында қатысушылар белгіленген тәртіп пен талаптарды сақтай отырып, өзара тартысты бәсекеге түсті. Әрбір қатысушы жеңіске деген ұмтылысын көрсетіп, ойын соңына дейін белсенділік танытты.

Іс-шара қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен жеңімпаздар анықталып, оларға кубоктар мен алғыс хаттар табысталды.

Мұндай іс-шаралар сотталған азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты қалыптастыруға және мекеме аумағындағы тұрақты психологиялық ахуалды қамтамасыз етуге оң ықпал етеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: