HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданында сегіз жастағы ұл бала суға батып кетті.
Оқиға 20 маусымда сағат 16:30 шамасында болған. Ауданның теміржол көпіріне жақын бөлігіндегі Қараөзек каналындағы суға түсуге рұқсат етілмеген аумағында 2013 жылы дүниеге келген ұл бала суға батып кетті.
«Баланың қасында кәмелеттік жасқа толмаған тағы 6 жасөспірім болған. Олар ересек адамдардың бақылауынсыз қалған. Қазір суға батып кеткен баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 құтқарушы, 1 техника қатысуда», – деп мәлім етті облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінен.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!