HALYQLINE.KZ «Жайлы мектеп» жобасы бойынша Қазалы ауданында 2 білім ордасы салынады. Соның бірі Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының екі аралығынан салынады. Қазіргі таңда мектеп салынатын орын белгіленді. Оған екі аралықтан орын таңдап алынуы да бекер емес. Себебі алдағы уақытта осы аумақтағы 600 гектар жерге инженерлік-инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліп, 3 мыңнан астам тұрғынға үй салу үшін жер беріледі. Сол уақытта халық бұл аумаққа көптеп шоғырланып, мектеп салуды қажет етеді.
Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев тиісті сала басшыларымен бірге білім ордасы салынатын орынға арнайы барып, бірқатар мәселелерді талқылады.Мұхтар Әуесұлы мұнан соң қала мен кенттің екі аралығындағы жарықшамдар орнату жұмыстарының барысын көрді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!