1. Күлімсіре.
2. Иығыңды сүйе.
3. Арқасынан қақ.
4. Рақмет деп айт.
5. Кездейсоқ сүй.
6. Өзіңді сынаған адамға жауап беруге асықпа.
7. «Сен кереметсің» деп шын жүректен мақта.
8. Белі талса, белін уқалап бер.
9. Көңіл күйің келіспей тұрса да ыңылдап ән сал.
10. Егде жастағы ұстазыңа алғыс айтып хат жаз.
11. Көңілсіз болсаң да, «Қайырлы таң» деп сәлем бер.
12. Бала кездегі досыңа сәлем айтып хат жаз.
13. Балаңа ұрысқан болсаң, аздан соң қайта құшақтап еркелет.
14. Сенің кезегің болмаса да, ыдыс-аяқты жу.
15. Өз кезегің болмаса да, қоқысты апарып төк.
16. Дөрекі сөздерді елеме.
17. «Жақсы көремін» деп қоңырау шалуға уақыт бөл.
18. Көңілді әңгімелер мен әзілдер айтып, күнді қарсы ал.
19. Қызметкерлеріңізге кесеге кофе құйып бер.
20. Жұмыс іздеп жүрген адамға көмектес.
21. Мақтап жігерлендірген хат жібер.
22. Ата-әжеңді асқа шақыр.
23. Сағындым деп хат жаз.
24. Полицияға рақмет айтып, қол бұлғап күлімсіре.
25. Еңбегін уақытында төле.
26. Ескі киімдеріңізді мұқтаж адамға бер.
27. Жақсы хабарды адамдарға жеткіз, бірақ өсек айтпа.
28. Жұмсақ, жылы, жақсы сөздерді сөйле.
29. Сүйікті кітабыңды адамдарға оқыт. Артынан кітабыңды даулама.
30. Достарыңның сүйікті кітабын қайтарып бер.
31. Кішкентай балалармен алысып ойна.
32. Оларға кеңес берме, шешім қабылдауына көмектес.
33. Саған қалай қатынасуды тілесең, басқаларға солай қатынас.
34. Үйде отырған қарттарға зиярат жаса.
35. Көңілсіз әзіл болса да күл.
36. Сүйіктіңе «Сен әдемісің» деп айт.
37. «Амансыз ба?» деген сөзді алдымен айтып үйрен.
38. Ата-анаңның үйін жинап, тазала.
39. Армандарыңды басқалармен бөліс.
40. Сүйіктіңмен серуенге шық.
41. Сенімге ие бол.
42. Жасөспірімдерді түсінуге тырыс. Қайталап тырыс. Сәттілікке жет.
43. Кезекте тұрғанда алдыңа біреудің өтуіне рұқсат бер.
44. Өз жұмысыңызды жақсы атқар және басқаларды жігерлендір.
45. Тілегіңді жұмсақ сөзбен айт.
46. Қаламай тұрсаң да, «иә» деп айт.
47. Бір нәрсені түсіндіру үшін сабырлы бол.
48. Шындықты ойланып сөйле. Басқалардың тыңдайтын, тыңдамайтынына назар аудар.
49. Уайымдап тұрған адамды жігерлендір.
50. Қуанышты кішкентай болса да бөліс.
51. Өз атыңды айтпай-ақ жақсылық жаса.
52. Қолшатырыңды басқалармен бөліс.
53. Көңілді сөз жазып, машинаның әйнек сүрткішіне жапсыр.
54. «Жақсы көремін!» деп жазып, тоңазытқышқа да жапсыр.
55. Бақшадағы гүлдеріңнен біреуге ұсын.
56. Сүйіктіңмен бірге батып бара жатқан күннің әсемдігіне қара.
57. Әрдайым оған «Мен сені сүйемін!» деп айтып жүр.
58. Уайымға түскен адамға күлкілі әңгіме айтып бер.
59. Өзіңді жаман ойлардан және қызғаныштан босат.
60. Жас адамды жігерлендір.
61. Өз тәжірибелеріңмен бөліс, оптимистік көзқараста бол.
62. «Уақыт тап. Иә. Сен істей аласың.» Бұл адамдарға жаңа талғам сыйлайды.
63. Мұқият ойлан.
64. Тыңдай біл.
65. Басқаларға қоятын талапты сұрыптап, кейбіреуінен бас тарт.
66. Жағдайға қарай көңілді бөлігін таңдап үйрен.
67. «Құйын қуып келе жатса да» сабырлы бол.
68. Дос бола біл.
69. Қарапайым бол.
70. Ризашылығыңды білдір.
71. Жақсы нәрселер туралы басқаларға оқып бер.
72. Таңдағаныңды жаса, жасағаныңды бағала.
73. Жолдағы қоқысты өтіп кетпей, алып таста.
74. Адал бол.
75. Алысты ойла.
76. Жақсы көретін адамыңызға еркелейтін мүмкіндікті жіберіп алма.
77. Жазғы түнде сүйіктіңізді құшақтап, жұлдыздарға қарап, көгалда жат.
78. Күн сайын басқалардың жақсы жағын көре біл.
79. Біреуге тосынсый жаса.
80. Саған сонша қиын емес болса да, досыңнан көмек сұра.
81. Кітапханада тыныш бол.
82. Біреуге дөңгелектерін ауыстыруға көмектес.
83. Кішкентай бала ұйықтар алдында әңгіме айтып бер немесе ертегі айтқыз.
84. С витаминін бөліс.
85. Үйсіз адамға көрпе бер.
86. Біреуге арнап өлең жаз.
87. Хат тасушыға кішкентай болса да, сыйлық дайында.
88. Жақыныңыздың тамаша мінезін мадақта.
89. Басқалардың қателіктерін кешіруді үйрен.
90. Өзіңнің де кейбір қателіктеріңді кешір.
91. Біреуді циркке апар.
92. Автотұрақта басқаларға орын қалдыр.
93. Басқа көзқарастарға төзіп үйрен.
94. Ойын ойнағанда серіктесіңнің жеңуіне мүмкіндік бер.
95. Ескі қызғанышты кешіріп, ұмыт.
96. Жалғызсыраған баламен сөйлес.
97. Адамдардың атын ұмытпа.
98. Балаңды саябаққа апарып қыдыр.
99. Достарыңызға көз-құлақ болып жүр.
100. «Рақмет!» деген сөзді көп айтып үйрен!
Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!