Мамыр айынан бастап Қазақстанда тұрғындардың күнделікті өміріне әсер ететін бірнеше өзгеріс күшіне енеді. Бұл айда ел тұрғындары бірнеше мемлекеттік мерекені атап өтеді. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр – Отан қорғаушы күні, 9 мамыр – Жеңіс күні. Сонымен қатар 27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні демалыс болады.
Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар мамыр айында барлығы 14 күн демалады. 9 мамыр сенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні 11 мамырға ауыстырылып, тұрғындар қатарынан үш күн тынығады.
Білім саласында да маңызды кезең басталады. Биыл 25 мамыр мектеп оқушылары үшін соңғы оқу күні болады. Одан кейін 9 және 11-сынып оқушылары қорытынды емтихандарға кіріседі. Ал негізгі ҰБТ 10 мамыр мен 10 шілде аралығында өтеді. Талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады.
Бұдан бөлек, 21 мамырдан бастап мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль және теміржол көлігімен экспорттауға уақытша тыйым енгізіледі. Бұл шектеу ішкі нарықты қорғауға бағытталған және 21 қарашаға дейін күшінде болады. Сондай-ақ 4 мамырдан бастап келісімшарт бойынша әскери қызметке кіретін азаматтардың табыс әкелетін мүлкін сенімгерлік басқаруға беруіне қатысты жаңа талап күшіне енеді.
Фото: baq.kz
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!