HALYQLINE.KZ Облыста Тәуелсіздік мерекесінің 30 жылдығына және қоғамдық-саяси маңызды шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Оның ішіне 81 мәдени шара енгізілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Әбуова баяндады.
– Биыл іс-шаралар жоспарына сәйкес, «Тұғыры биік – Тәуелсіздік» атты республикалық ақындар айтысы және «Байқоңыр: Тәуелсіздік тартуы» тақырыбында Байқоңыр қаласында облыстың өнер күндері, «Парасатты поэзия» халықаралық фестивалі, «Қылқаламда мәңгілік ел бейнесі» атты халықаралық суретшілер симпозиумы, сондай-ақ, «Қорқыттан қалған қоңыр үн» республикалық қобызшылар конкурсы, Кете Жүсіп Ешниязұлының 150 жылдығына арналған республикалық жыршы-жыраулар байқауын өткіземіз. Сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері, композитор Кеңес Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты халықаралық әншілер конкурсы мен композиторды еске алу шаралары ұйымдастырылатын болады, – деді Мира Рахымжанқызы.
Айта кетсек, үш мәрте «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов барлық ауданда кездесу кештерін өткізеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!