“Руханият» орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында, Шиелі ауданы әкімі Айтбай Жандарбеков көпбалалы аналармен кездесіп, 9 анаға «Алтын алқа» және 18 анаға «Күміс алқа» төсбелгілерін табыс етті.
Шараға «Amanat» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ж.Баймұратова қатысып, барша көпбалалы аналарды мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, 2025 жыл – Президентіміз айтқандай, «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялаған болатын.
Осыған орай, Мереке аясында, жұмысшы әйелдер де марапат төрінен көрініп, олардың ауданның дамуына қосқан еңбектері үшін арнайы құрмет көрсетілді. Өз кезегінде, аналар да аудан әкімдігіне алғыстарын айтып, жылы лебіздерін жеткізді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!