Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Халықаралық журналдың арнайы нөмірі жарық көрді

24.04.2023, 12:15 332

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 12 сәуір Қазақстандағы ғылыми қызметкерлер күніне орай дәстүрлі «Молодой ученый» Халықаралық журналының арнайы нөмірін жарыққа шығарды. Арнайы шығарылым ІХ рет ұйымдастырылған «Қазіргі ғылым және инновациялар» Ғылыми конференциясы аясында жарияланды.

Жинақта Қызылорда облысы, Арал ауданы, Жалаңаш көліндегі сазан балығының кейбір көрсеткіштері, «Оптикалық инверсия» эффектісін зерттеу әдісі және зерттеу нәтижелеріне шолу, жер атмосферасындағы ғарыштық сәулелердің энергетикалық таралуы, онлайн саяси жарнаманың кейбір өзекті мәселелері, молекулалық физиканы оқытуда компьютерлік модельдеуді қолдану, Оңғар Дырқайұлы жұмбақ өлеңдерінің көркемдік сипаты секілді көптеген мәселелерді дәйектеген зерттеулер жарық көрді. Арнайы нөмір авторлары журналға жариялануы туралы куәлікпен қатар, Ғылыми конференцияның қатысушысы сертификатын иеленді. Сонымен қатар, жинақтың жариялануына белсенділік танытқан М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің аға оқытушылары С.Ж.Кулманова мен Н.Т.Суйкимбаева баспаның Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетерлік жайт, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты 2013 жылдан бастап Ресейдің «Молодой ученый» баспасымен келісім-шарты шеңберінде арнайы нөмірлерді шығарып келеді. Барлық ғылыми мақалалар elibrary.ru ресурсына орналастырылады. Журнал Ulrich’s Periodicals Directory халықаралық катологына енген және Google Scholar («Google Академиясы») жүйесінде индекстеледі.

«Болашақ» Ғылыми-зерттеу институты

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: