Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елімізде Елбасы есімді неше адам тұрады?

02.12.2021, 10:45 261

HALYQLINE.KZ «Бүгінде Қазақстанда Елбасы есімді 65 адам тұрады» деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. 

Ал, Нұрсұлтан есімді ерлер саны – 25 660. Тәуелсіздік алғаннан кейін осы есімнің танымалдығы артқан.

«Ұлттық статистика бюросы есімдерге байланысты статистиканы ай сайын жүргізеді. Қазақстан тәуелсіздігімен байланысты есімдер жиі кездесіп жатады. Олар – Астана, Атазаң, Тәуелсіздік, Теңге, Елбасы, Қазақстан деген  есімдер», – дейді Ұлттық статистика бюросының баспасөз хатшысы Әсем Алдоңғарқызы. 

Еске слайық, 1 желтоқсан Қазақстанда Тұңғыш Президент күні. 2011 жылғы 10 желтоқсанда Парламент Сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды. Қазақстан Республикасының алғашқы Президент күнін атап өту Қазақстан Республикасының экс-президенті – Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет алдындағы дүр жетістіктерін тану мақсатымен ұйымдастырылған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: