Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елбасының қайтыс болғаны рас па?

01.04.2021, 17:00 1327

HALYQLINE.KZ

Бүгін қазақстандық әлеуметтік желілерде Елбасының қайтыс болғаны туралы мәлімдеме жасап тұрған ел президенті Қ.Тоқаевтың видеосы тарады.

 – Құрметті отандастар! Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың індеттен қайтыс болғаны туралы ашық жарияладық. Қаншалықты ащы болса да, шындықты айтып отырмыз. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің басы. Бізге мемлекеттің болашағы үшін зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Бірлігіміз бен ынтымағымыз мығым болса, барлық қиындықты жеңіп, мақсатымызға жетеміз. Бұл – біздің қолымыздан келеді. Мен оған кәміл сенемін. Еліміз әрқашан аман болсын, баршаңызға рақмет, – делінген видеода.

Айта кетейік, бұл видеода айтылған ақпаратты ешқандай құзырлы не ресми орган жариялаған да, растаған да жоқ. Оған қоса, видеоға монтаждау әдісінің қолданылғаны анық көрініп тұр. Өйткені мәлімдеушінің даусы екі түрлі және бейнеүзіктер анық кесілген. Бұл қазақстандықтардың 1 сәуір күлкі күніне орай әзірлеген дүниесі болуы мүмкін.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: