Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

19.02.2025, 10:15 44

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 500 — 506 теңгеден саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 19 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 497,89 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,47 теңге. Еуро — 520,89.

Бұл туралы halyqline.kz тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Kurs.kz мәліметінше қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 521— 526 теңге аралығында құбылып тұр. Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506 теңге, сатып алу құны — 500 теңге. Еуро 527 теңгеден сатылып, 520 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,35 — 5,47 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 18 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 0,17 теңгеге төмендеп, 498,40 теңге болған. Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты. Сондай-ақ Ұлттық банк валюта айырбастаудың жаңа ережесін бекітетінін мәлімдеді. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: