1989 жылдың 28 ақпаны еліміздің тарихында ерекше күн болып табылады. Осы күні қоғам қайраткері, қазақ ақыны, жазушы, лингвист-ғалым, Қазақ КСР Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Олжас Сүлейменовтің бастамасымен жалпыхалықтық антиядролық «Невада – Семей» қозғалысы құрылды.
Биыл «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының құрылғанына 37 жыл толды.
Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына түрткі болған антиядролық ұйым ел тарихына жарқын беттер сыйлады. Ядролық сынақтарды тоқтату туралы бастамалар көтерілді. Халқымыз бейбіт өмірді меңзейтін мақсатына жетті.
«Невада-Семей» қозғалысы — Семей полигонын жабумен ғана айналысумен шектелмеді. Сонымен қатар ядролық қуатқа ие басқа елдерді де үлгілі тәжірибеге талпындырды. Әлемдік қоғамдастықта елімізді татулық пен бірліктің мекені ретінде тани бастады.
Атаулы күнге орай бүгін Қызылорда қаласындағы «Тағзым алаңында» ядролық сынақ полигонында әскери борышын өтеп, құрбан болған әскерилердің еске алу митингісі өтті.
Еске алу митингісіне Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Уалихан Ибраев, “Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы” ЗТБ-ның төрағасы Анар Ізден, Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, Қызылорда облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Әбіш, Қызылорда қалалық «Чернобыль» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабек Шахатов, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Мыңділда Ршауов, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері, әскери бөлімшелердің сарбаздары және жастар қатысты.
Шарада Қызылорда қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Мөрәліұлы және облыстық «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сәбит Ыдырысұлы ардагерлерге ізгі лебіздерін білдіріп, ел үшін атқарған ерен еңбектері мен өнегелі өмір жолдарына алғыстарын айтты. Содай-ақ, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-парасаты кейінгі ұрпаққа әрдайым үлгі болып қала беретінін атап өтті. Ел бірлігі мен қоғамның дамуына қосқан өлшеусіз үлестері үшін алғыстарын білдіріп, әрдайым құрмет пен қамқорлықтың ортасында болуларына тілектестік білдірді.
Митингіде қатысушылар Семей полигоны салдарынан құрбан болған әскерилерді 1 минут үнсіздікпен еске алып, арнайы ескерткішке Сыр жұртшылығы атынан гүл шоқтарын қойып, ардагердің рухына құран бағыштады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!