Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Болашақ» университетінің ғалымы Ресейде өткен форумға қатысты

26.12.2022, 9:35 439

HALYQLINE.KZ 15-16 желтоқсанында Санкт-Петербург қаласында Ресей Ғылым академиясының Еуразиялық экономикалық интеграцияның, жаңғыртудың, бәсекеге қабілеттіліктің және тұрақты дамудың кешенді мәселелері жөніндегі Ғылыми кеңесі және ЕурАзЭҚ Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы Университеттің ұйымдастыруымен Еуразиялық ғылыми форум өтті. Он төртінші рет ұйымдастырылып отырған форум Еуразиялық экономикалық комиссияның 10 жылдығына арналды.

Форум аясында ғылыми сессиялар, симпозиумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер өтті. Бұл шараларға шет мемлекеттердің 10 елінен 600-ден астам өкілі қатысты. Олардың қатарында іргелі және қолданбалы ғылым саласының өкілдері, практиктер, болашақ мамандар бар. Еуразия құрлығының әр түкпірінен бірыңғай әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және ғылыми-білім беру кеңістігін қалыптастырудың өзекті мәселелерін белсенді әзірлеп жатқан қатысушы жас ғалымдар саны өсуде.

Еуразиялық ғылыми форум жұмысына Қызылорда «Болашақ» университетінің өкілдері де қатысты. Форум аясындағы «Еуразиялық желілік университет» консорциумы ЕАЭО мемлекеттерінің ғылым және білім саласындағы стратегиялық басымдықтарын іске асыру нысаны ретінде» ғылыми симпозумында университеттің «Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты Г.И.Аргинбекова «Студенттердің халықаралық ұтқырлығы» тақырыбында баяндама жасады. Ресейде өткізілген форум жұмысының нәтижелері Сыр өңірінің ғылымы және жоғары білімін дамытудағы маңыздылығы жоғары деп ойлаймыз.

«Болашақ» университетінің

«Құқықтану және қоғамдық пәндер» кафедрасы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: