Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бердаулетов бүй дейді…

17.03.2020, 9:15 651

Кеше өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында коронавирус індетінің алдын алу шараларына байланысты баспасөз брифингі өтті.

Жиында тиісті сала басшылары инфекциялық ауруға қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Атап өтетін жайт, кейбір жекеменшік балабақшалар ата-аналарға алдын ала бір айлық төлем жасау туралы талап қойып жатқан көрінеді. Бұған байланысты облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов:

Облыс көлемінде 672 мектепке дейінгі ұйым бар. Соның 72 пайызы – жекеменшік балабақшалар. Меншік нысанына қарамастан балабақшадағы баланың орны сақталатын болады. Сонымен қатар, ата-аналар баланың тек балабақшаға барған күніне ғана төлем жасайды, – деп атап өтті.

Айта кетейік, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында 2020 жылғы 16 наурыздағы 08 сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілген еді.

Қозы Көрпеш ЖАСАРАЛҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: