Иранның Jam-e Jam 1 телекоммуникациялық спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышының көмегімен орбитаға шығарылды, деп жазады halyqline.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңалықты ирандық БАҚ-тар жарыса жазды. Себебі, бұл аппарат Иран үшін геостационарлық орбитада қоғамдық телехабар таратуға арналған алғашқы спутник болып саналады. Jam-e Jam 1 ирандық мемлекеттік теледидардың хабар тарату құрылымында маңызды рөл атқарады деп күтілуде.
«Протон-М» ауыр класты зымырандарға жатады. Ол автоматты ғарыш аппараттарын Жер маңындағы орбитаға шығару, сондай-ақ алысырақ ғарыштық траекториялар бойынша ұшыру үшін қолданылады.
Фото: Роскосмос
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!