Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстанда мамандар жалақысы өседі

17.03.2026, 0:48 27

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Бұл заң Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында қабылданған. Құжатты Туризм және спорт министрлігі әзірлеген. Заң балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін (БЖСМ) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшіруді көздейді.

“Заң аясында БЖСМ жаттықтырушы-оқытушыларының жалақысын арттыру қарастырылған. Атап айтқанда, олардың еңбекақысы лауазымдық жалақының 30 пайызы мөлшерінде өседі”, — деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.

Қосымша төлем біліктілік тестілеуінен өткен және оқу-жаттығу процесін даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес жүргізетін жаттықтырушы-оқытушыларға беріледі.

Қазіргі таңда Қазақстанда 526 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Онда 15 мыңнан астам жаттықтырушы-оқытушы еңбек етеді. Жыл сайын жаттықтырушылардың шамамен 30 пайызы біліктілік тестілеуінен өтеді деп жоспарланып отыр.

Тестілеуді Республикалық дене шынықтыру және спорт бойынша оқу-әдістемелік және талдау орталығы өткізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: